Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл 111 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

03.02.2025, 17:45 59

HALYQLINE.KZ

Азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету. Бұл аталған міндеттер – облыстық жұмылдыру дайындағы басқармасының тікелей қызметі. Аталған басқарма маңызды мәселелердің бел ортасында жүреді. Білім мен білік дамуды талап ететінін ескерсек, былтыр жергілікті атқарушы органдардың басшы құрамы мен мамандарынан барлығы 37 қызметкер Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы оқу орнында біліктілігін жетілдірді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.

– 2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде маңыздылығы жоғары 10 мәселе қаралды. Алдымен мерзімді әскери қызметке шақыру бағыты бойынша ақпарды айта кетсем. «2024 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» № 33 қаулысына сәйкес мерзімді әскери қызметті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Облыстық жиын пунктін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскерге шақырылушыларға 3 мезгіл ыстық тамақ беру және оларды тасымалдау жұмыстары кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Демеушілік есебінен 20 нысанда қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоспарлы түрде 3 нысанда қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. 2024 жылға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден «қолайсыз» ретінде 115 елді мекен анықталып, аталған елді мекендердегі 762 992 мал басы және көлемі 2 886 841 шаршы метрді құрайтын 31 993 қора, суат-шаңлақтарға көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл облыс бюджетінен бөлінген 111 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Марат Ердәулетұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: