Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірнеше әуежайды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Мемлекет басшысы

28.10.2026, 11:42 62

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.
 
Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
 
Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – дейді Мемлекет басшысы.


Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: