Кеше қала кәсіпкерлері тарапынан базарлар мен сауда орындарына келушілерге тегін медициналық бетперделер (маска) таратылды.
«Қызылорда оптомаркет» сауда үйі тарапынан тұтынушыларға 3000 бетперде үлестірілсе, «Мирас» сауда үйі 1000 данасын таратты. Сондай-ақ, бұған дейін «Ажар сити» сауда орталығы да өз тұтынушыларына 500 тегін медициналық бетперде үлестірді.
– Алдағы уақытта да кәсіпкерлер тарапынан келген тұтынушыларға тегін бетперде тарату акциясы Қызылорда қаласы аумағында халыққа қызмет көрсететін 80-ге жуық сауда үйі мен 12 базарда жалғасын табатын болады, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен жедел штаб жұмысы ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап, қала көлемінде кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Фото: Бахтияр Алмусаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!