Құрметті қазақ елі! Еліміздің басты байлығы — адам және оның денсаулығы. Қазіргідей қарыштап дамыған заманда еліміздің ілгері дамуы үшін ұлт саулығы басты назарды болуы керек. Алайда қынжылтатыны, қазіргі таңда буыны бекіп үлгермеген жасөспірімдер мен тепсе темір үзетін жастарымыздың арасында нашақорлық қауіпті дертке айналып үлгергелі қашан?! Онымен күрес — тек арнайы бір ұйымның немесе бір топтардың қолынан келетін іс емес. Нашақорлықпен күресте қоғам болып жұмылуымыз керек. Отбасында зиянды әдеттер мен олардың салдары туралы тәрбиеге мән берсек, оны жас ұрпақтың санасына сіңіре білсек, бұл — дерттен де айығамыз.
Осы нашақорлықтың арқасында қаншама өрімдей жастардың өмірлері қиылып, қаншама отбасында «береке» деген ұғымның мәні қалмаған. Қаншама ананың етегі жасқа толуда?!
Олай болса осындай дертпен күресуге барлығымызды бірі кісідей атсалысуға шақырамыз. Берік отбасы — есірткіден алыс! Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков
Торғауытовтар отбасы,
№141 Қапан Сәбиров атындағы орта мектебі,
Шиелі ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!