Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бекшин Шиелі, Жаңақорған аудандарында болды

13.04.2020, 8:19 435

HALYQLINE.KZ –| Еліміздің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Жаңақорған, Шиелі аудандарында болды.

Жандарбек Мұхтарұлы алдымен Жаңақорған кентінде болып, эпидемиологиялық жағдай мен ұйымдастырылған іс-шаралар барысымен танысты.

Одан соң, Шиелі ауданының төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен қанықты.
Сондай-ақ, Шиелі ауданаралық ауруханасына жатқызылған карантиндік режимдегі азаматтардың жағдайын көріп, коронавирус инфекциясын анықтауға арналған зертханалық құрылғының жұмысын бақылады.

Сонымен қатар, карантинге жабылған Балаби, Қодаманов елді-мекендеріне болып, ауылдың тыныс-тіршілігі, нұсқаулыққа сәйкес, халықтың санитарлық талапты орындауымен танысып, эпидемиологиялық жағдай мен ұйымдастырылған іс-шаралар барысын талқылады.

Сапар соңында блок-посттарға бөлінген №66597 әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, бақылауды күшейтуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: