Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бапи: Журналистердің арасында салафизмді жақтайтындар жетерлік

21.06.2024, 17:45 324

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс кулуарында журналистер депутат Ермұрат Бапиға хиджаб мәселесіне байланысты сұрақ қойған. Депутат бұл жолы эмоциямен жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz.

– Хиджаб кигізем деп, баласын мектепке, сабаққа апармайды. Қараңғыға қалдырады. Бұл надандық қой. Мұндай мәселені журналистер де «нагнетать» етіп жатқанын мен білемін. Себебі журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындары жетерлік. Сол салада ресурстар да бар. Солар қазір қоғамдағы мәселені толқытып тұрған ақпараттық жағдай деп ойлаймын. Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастырылады, дейді Бапи.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: