Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бәйтерек» ғарыш кешені ұшыру сынақтарының мерзімі өзгерді

19.02.2025, 11:25 57

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент Мәжілісінің қарауына «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құруға қатысты құжат келіп түсті.

Атап айтқанда, алдағы уақытта палата «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды.

 «Аталған келісімге ұшу сынақтарының басталу мерзімін 2023 жылдан 2025 жылға ауыстыру, «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнына салық бойынша преференциялар беру, ресейлік тараптың кешенді жылына екіден үшке дейін жүктеу жөніндегі міндеттемелерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді», – деді депутат Айдос Сарым Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың айтуынша, бұл келісімнің тағы бір мақсаты – «Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағын қамтамасыз ету, сол жердегі Қазақстан азаматтарына жағдай жасау.

«Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді депутат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: