HALYQLINE.KZ –| Бүгінде аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының, көпшілік арасында тасымалдануының алдын алу мақсатында ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, бүгін аудан орталығындағы 15 көпқабатты тұрғын үй ғимаратында және «Қамбаш олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» күшейтілген дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Залалсыздандыру барысында ғимараттардың кіреберіс бөлігі, дәліз, баспалдақтар мен нысан маңындағы алаңдар арнайы қоспамен жуылады.
Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын банк бөлімшелері мен «Қазпошта» филиалдары күнделікті күшейтілген режимде залалсыздандырылып келеді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Өздеріңіз көріп отырғандай, баршаңыздың денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз үшін барлық сақтық шаралары күшейтілуде. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдер мен полиция қызметкерлері, арнайы мамандар аудан аумағындағы қауіпсіздік және санитарлық жұмыстарды 24 сағат бойы жүргізуде. Осы ретте, Сіздер үшін қызмет басында жүрген жандарға қолдау көрсетіп, үйде болуларыңызды сұраймыз. Сонда ғана бұл қатерлі індетті жеңеміз. Үйде болыңыздар!
Арал ауданы әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!