Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Ақбай ауылында

19.03.2025, 18:35 40

Бүгін Арал аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Ақбай ауылына арнайы сапармен барып, тұрғындармен жүздесті.

Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан әкімі өңірде атқарылған бірқатар жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Сондай-ақ тұрғындармен басқосуда аудан басшысы ауылдың географиялық жағдайын ескере отырып, егін егу көлемін арттыру қажет екендігін алға тартты. Тиісінше дихандарға мемлекеттік қолдаулардың жеткілікті екендігін және осы іске білек сыбана кірісемін деушілерге де демеушілер тарапынан мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Кездесуде тұрғындар жергілікті жердегі шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелерді ортаға салды. Ауыл халқы негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысатындықтан Сырдария өзенінен келетін суды егістік алқаптары көп мөлшерде қажет етеді. Осыған орай, тұрғындар тарапынан ауылға дария суының ауылдық округке жеткілікті мөлшерде берілуін қадағалауды назарға алса деген ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар ауыл тұсынан өтіп жатқан үлкен жолдан мал өткелін салу мәселесін көтерді. Электр энергиясын тұтыну мен төлем төлеуде де мәселе туындағынын атап өтті.

Аудан басшысы аталған мәселелерден хабардар екендігін айтып, жауапты мамандармен бірге тиесілі жұмыстар атқарылатынын білдірді. Қазіргі таңда елге ортақ мәселелерді шешу жолында жан-жақты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Мұнан соң аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға кірген ауыл тұрғындарды жұмыссыздық мәселесін көтерді.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, өтініштер мен ұсыныстар бойынша құзырлы мемлекеттік мекеме басшыларына, ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: