Бүгін қалаға жақын маңдағы бір ауылға жол түсті. Такси іздедік, сосын бағасын келістік дегендей. Әріптесім көкейін көп теңге тескен емес, Құдайына қараған бір жігітті тауыпты.
– Артқы орындыққа жайғаса беріңіздер!
Қарасам, алдыңғы орындықта бөпе жатыр. «Айып етпеңіздер, ата-әже жоқ бізде, мамасы денсаулығына байланысты дәрігерлердің бақылауында. Клиентпен бірге осылай олай-былай жүреміз»,- деді жүргізуші жігіт баласының қалпағын түзеп жатып.
Ана бір кезде автобустың алдында жүргізуші мен кассирдің баласының ұйықтап жатқанын көріп жүрегім ауырған.
Енді барып-қайтқанша әкелі-балалының жағдайы ойымнан шығар емес. Іштей: «Алла, анасы аман-есен отбасына оралсын! Отағасы тұрақты жұмыс тапсын! Бақытты жанұя болсын!» деп тіледім. Жұмада жұдырықтай жүректен шыққан тілекті Жаратушы ие құр қайтармас! Әмин!
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА.
журналист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!