Шабуыл салдарынан оның 28 жастағы нағашы ағасы мерт болып, үш туысы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Шабуыл жасаушының 60 жастағы тәтесі кеуде қуысынан жарақат алған.
– 1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше пышақ жарақаты және сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, – деп мәлімдеді Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Күдіктінің тағы бір нағашы әпкесі де түрлі жарақаттар алған.
– 50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты, – деп хабарлады ведомстводан.
Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты.
«21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының ескерту жасауы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!