Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Қазақстанның Әскери-әуе күштері құрылған күні

02.07.2021, 16:35 764

HALYQLINE.KZ 1998 жылғы 2 шілдеде Әскери-әуе күштерін құру туралы директиваға қол қойылды. Содан бері Әскери-әуе күштері Қазақстанның әуе шебін сенімді күзетуде.

Қазақстанның әскери авиациясы – Қарулы Күштер мақтанышы. Соңғы жылдары қару-жарақ пен әскери техниканың құрамы айтарлықтай өзгерді. 2015 жылдан бастап Әскери-әуе күштері соңғы үлгідегі ұшу аппараттарымен, оның ішінде көпфункционалды Су-30СМ жойғыштарымен, Ми-35М соққы беретін тікұшақтарымен жасақталуда. Бұдан басқа, биыл ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері жаңғыртылған L-39 жауынгерлік оқу-жаттығу ұшақтарымен және Су-27 жойғыштарымен толықты.

Жауынгерлік даярлық жүйесі де ұдайы жетілдіріліп отырады. Бұл ретте қарулы жанжалдарда әрекет етудің жаңа түрлері ескеріліп, талданады. Бұл жеке құрамды әуеде әрекет етудің жаңа әдістері мен тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы Әскери-әуе күштерінің ұшқыштар экипажы оқу-жаттығу барысында алғаш рет Су-27 және С-295 ұшақтарын Маңғыстау облысындағы автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесіне қондырды. Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының сыртқы аспасында «Багги» жеңіл автомобильдері жеткізілді.

Әскери ұшқыштар халықаралық, түраралық оқу-жаттығуларға, Армиялық халықаралық ойындарға қатысумен мол тәжірибе жинады. Осы тәжірибе ұдайы талдана отырып, жеке құрамның жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге бағытталған жауынгерлік даярлық курстары мен бағдарламаларын түзету, әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде қолданылады.

Авиациялық бөлімдердегі ұшқыштар мен инженерлік құрамның, тыл және байланыс мамандарының, азаматтық персоналдың күнделікті тынымсыз еңбегі ӘӘК-нің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған және мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне лайықты үлес қосып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: