Қызылорда облысы тұрғындарының назарына!
Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына орнатылған «АРКАН», «Интегра КДД» және «Мираж» құрылғылары қазіргі таңда үздіксіз жұмыс атқаруда.
Жалпы, атқаратын жұмыстарын айта келсек: жылдамдық асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту және жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау дерегін автоматты түрде анықтайды.
Анықталған құқықбұзушылық ұйғарымдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 743-бабының талаптарының негізінде «Қазпошта» АҚ-ның қызметі арқылы мекенжайға хат арқылы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша EGOV.KZ электрондық порталының 1414 нөмірінен мәтіндік СМС хабарлама жолданады.
Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша ЕGOV.KZ электрондық порталының 1414 нөмірінен мәтіндік СМС хабарлама жолданған жағдайдатиісінше жеткізілді деп танылады. Сол себепті мекенжайға хат арқылы ұйғарым жолданбайды.
ӘҚБтК-нің 811-бабы 1-бөлігінің талаптары бойынша, тұлға автоматты жүйеде жұмыс атқаратын арнайы бақылау өлшегіш техникалық құралымен анықталған құқық бұзушылық деректерінің айыппұлын елу пайыздық жеңілдікпен, хабарламаалған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеуге құқылы.
Қосымша ақпараттарды Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы №22 мекенжайында орналасқан Жергілікті полиция қызметібасқармасының ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінен біле алатындарыңызды хабарлаймыз.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!