Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданында Конституциялық реформалар кеңінен талқыланды

06.02.2026, 18:05 55

Аралда аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен Конституциялық реформаларға арналған актив отырысы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланып, оның негізгі бағыт-бағдары мен тұжырымдамалық өзгерістері түсіндірілді. Кездесудің басты мақсаты – конституциялық жаңғырудың мән-маңызын қоғамға жеткізу және тұрғындардың пікірін ескеру.

Отырысқа зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан әкімі өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Азат Балмырзаева және белсенді жас Ержан Сабырбай жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Ардагерлер мен аға буын өкілдері де реформаның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, жаңашыл бастамаларға қолдау білдірді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аралдықтарды маңызды саяси бастамаға белсене қатысуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: