HALYQLINE.KZ –| Бүгін Қызылордада коронавирус індетінен тағы 2 науқас емделіп шықты. Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар «Covid-19» вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне шығарылады.
Індетті жеңген 2 науқастың бірі Қызылорда қаласының, екіншісі Жаңақорған ауданының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 4 науқас «Covid-19» індетінен айыққан болатын. Қазіргі таңда аймағымызда барлығы 6 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!