Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.
«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды», – деп хабарлады департаменттен.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.
Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.
https://kyzylorda-news.kz/kogam/almatyda-hostel-oertenip-13-adam-khaza-tapty-30-11-2023
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!