Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы облысы жаңа жұмыс уақытына көшті

16.06.2025, 15:30 189

16 маусымнан бастап Алматы облысының мемлекеттік мекемелері жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Енді аудан мен облыстық басқармалардағы мемлекеттік мекемелер жұмысын таңғы 8-де бастап, 17:30-да аяқтайды. Түскі үзіліс 12:30 бен 14:00 арасы.

Өзгерістер келесі мемлекеттік органдарға қатысты:

Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының әкімдіктері;
Ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім, экономика, туризм, спорт, құрылыс, ТКШ, энергетика, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша 27 басқарма.
Сондай-ақ тізімге ішкі саясат, мәдениет, сәулет, жұмыспен қамту, қаржы, тіл саясаты және төтенше жағдайлар басқармалары да кіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: