HALYQLINE.KZ 24 ақпан күні 07 сағат 40 минутта Қызылорда қаласы Арай-2 мөлтек ауданы № 106 көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан Мектепов Бейбіт өзінің Audi-80 маркалы көлігін оталдырып қайта үйіне кіріп кеткен. Осы уақытта көршісі Тоқжанова Айнұр үйінің есігін қағып көлігінен түтін шығып жатқанын және өрт сөндушілерді де шақырғанын ескертеді. Сыртқа шығып көлігінің қозғалтқыщ бөлігінің қою түтінге оранғанын көрген Бейбіт абдырап қалады. Осы кезде Үсенов Бейбіт есімді екінші бір көршісі тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтер тұрғындарының көмірқышқыл газына уланып қалмауы үшін жан екпінімен көршілерге сыртқа шығуға ескерту жасайды. Өртеніп жатқан көліктің газге қосылғанын байқаған Бейбіт Әбдіманапұлы жақын тұрған көліктерді әрі итеріп, өзге көліктерге таралудың алдын алады.
Осылайша көршілерімен бірге өртеніп жатқан көлікті өшіруге кіріседі. Хабарлама түскен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жеткенде көліктің қоғалтқышынан шыққан өрт ауыздықтап үлгергенін аңғарады. Осы кезде оқиға орнына өрттің шығу себебін анықтауға келген Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің зерделеу жұмыстары барысында көлік иесі өртті ауыздықтаған Үсенов Бейбітке алғысын жеткізеді.
Осы кезде қызметкерлер бұл азаматтың №6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты екенін айтады. Араға бірнеше күн салып, көлік иесінің анасы Өмірзақова Әлия әжей Қызылорда қаласы №6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Үсенов Бейбітке алғысын видео арқылы жолдайды. Расында қызметтен тыс уақытта өзіне бекітілген міндетті абыроймен орындап кәсіби шеберлігі мен шешуші бағытты дер кезіне анықтап қайсарлық танытқан қызметкер қандай болса да құрметке лайықты.
Қызыорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық
құтқару жұмыстары қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!