Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

26.03.2026, 17:40 53

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды «Amanat» партиясының аудандық филиалы ғимаратында жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады баспасөз қызметі.

Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй кезегіне және жер алу мәселесіне қатысты уәждерін айтса, бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде өтініштерін жеткізді.

Аралқұм ауылының тұрғындары қабылдауда елге «көгілдір отын» көзін тарту мәселесін көтеріп, аудан әкімінен бұл бағыттағы жұмыстарды қолға алуды сұрады. Бұл мәселе бойынша жауапты мамандар заңдылығына сай ұсыныстар негізінде жұмыстар жасалатынын жеткізіп, ауыл тұрғындарының өтініші назарға алынатытын жеткізді. Аудан әкімі аудан бойынша газ желісі тартылуы тиіс ауылдардың барлығы назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, жауапты тұлғаларға кезектілігімен жұмыс істеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ал Сапақ ауылының тұрғыны елдегі ескі мектептің жайын көтерді. Бұл мәселемен толыққанды таныс екенін айтқан аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы салалық министрліктермен әлі де жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қаржылық мәселе шешімін табар болса, Сапаққа жаңа мектеп салу жұмыстары бірден қолға алынатынын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзге де мәселелерге мамандар тарапынан құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, жұмыссыздық бойынша аудан әкіміне жүгінген тұрғындарға барлық мәселе жергілікті қоғамдық кеңестің шешімі арқылы ретелетіндігі түсіндірілді. Мұнан өзге де әлеуметтік мәселелер жеке қабылдауда айтылып, аудан басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді.

Аудан әкімі қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына «е-otinish» бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: