Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржол вокзалы мен тұрғын үй құрылысының жай-күйі тексерілді

12.12.2025, 16:15 47

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов арнайы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді. Алдымен Жосалы кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Бүгінде ғасырға жуық тарихы бар вокзал жұмысы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды бастама. Сондықтан бұл жобаның орындалуы мен сапасы бойынша мердігер мекемелерге бірқатар тапсырмаларын берді.

Одан кейін жұмыс сапары Төретам кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысын қараумен жалғасты. Мұнда да құрылыс кезеңдері қаралып, мердігерлерге жұмыс қарқынын арттырып, сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Сапар соңында Бақыт Жаханов Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында салынып жатқан тұрғын үй желтоқсан айының аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағытта тұрғындарға пайдалануға беру мерзімі бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандарда жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс қарқынын арттыруға қатысты тиісті ұсыныстарын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: