Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәтті сапар сапалы жолдан басталады

09.12.2025, 0:07 26

92,5 пайыз. Бұл жол сапасы жөніндегі жүзеге асырылған 100-ге жуық жобаның арқасындағы сапалы жолдардың үлесі һәм нәтижесі. Қызылорда қаласындағы
Шіркейлі, Сыздық және Жаңадария каналдарындағы көпір өткелдерін кеңейту, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Қызылжарма каналы арқылы өтетін көпір өткелен салу, Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Жаппасбай батыр көшесіндегі темір жол үсті көпірін күрделі жөндеу, Тәуелсіздік 25 жыл даңғылы, Әуежайға кіре беріс жолдарын кеңейту, Әбілхайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін Сырдария бөгеті бойымен 4 — жолақты жол салу жұмыстары биылғы жылдың еншісіне бұйырған байыпты бастама болды. Әрине, жол сапасын жақсарту маңызды. Себебі сәтті сапар сапалы жолдан басталады. Жол сапасындағы жемісті жұмыстарды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндап берді.

  • Биылғы жылы жүзеге асырылып жатқан 124 жобаның аясында облыс бойынша Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 37,1 км құрайтын 16 жоба, ал, Қызылорда қаласында ұзындығы 65 км құрайтын 26 жоба, Арал ауданында ұзындығы 42,5 км құрайтын 13 жоба, Қазалы ауданында ұзындығы 30,3 км құрайтын 12 жоба,Қармақшы ауданында ұзындығы 14,6 км құрайтын 8 жоба, Жалағаш ауданында ұзындығы 23,6 км құрайтын 7 жоба, Сырдария ауданында ұзындығы 21 км құрайтын 6 жоба, Шиелі ауданында ұзындығы 33,1 км құрайтын 7 жоба және Жаңақорған ауданында жалпы саны 29 жоба жүзеге асырылып, ұзындығы 61,9 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өткізіліуде. аймақ басшысының бастамасымен мамыр айында Арал қаласында құны ұзындығы 940 метр болатын аспалы көпір ел игілігіне табысталды.Шілде айында тұрғындардың ұзақ жыл күткен Жаңақорған кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді. Осы жобалардың жалғасы ретінде Қызылорда қаласында�Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар, келер жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде темір жол үсті көпірінің құрылысы басталады. Халқымыздың көп жылдар бойғы арманына айналған республикалық маңызы бар «Қызылорда -Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Бүгінгі күні облыс аумағына тиесілі 191 шақырымы толық аяқталды. Таяуда ғана пайдалануға берілді,- деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: