Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Бұйрыққ сәйкес, 2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді.
Ведомство мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 1-3 қаңтар күндері демалады.
«Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.
Фото: massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!