Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салатын жерді таңдау жұмысы басталды

17.03.2025, 10:10 55

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салатын жерді таңдау жұмыстары басталғанын мәлімдеді. 

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олжас Бектенов бұл туралы “Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында” мақаласында жазды.

«Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды», – деп жазды премьер-министр.

Сондай-ақ ол 2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен сағатына 120 миллиард кВт-қа жеткенін атап өтті.

«Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр», – дейді Олжас Бектенов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: