Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде шай мен кофе сатылымы азайды

06.03.2025, 9:05 64

Биыл елімізде қаңтар айында 1,1 мың тонна қайта өңделген кофе мен шай өндірілді, бұл 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 9,2%-ға аз,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өндіріс көлемінің дені Алматыға тиесілі 578 тонна (өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға артық), одан кейін Алматы облысы (228 тонна) және Шымкент қаласы (227 тонна) тұр. Қайта өңделген кофе мен шай өндірісінің қалған бөлігі Қарағанды облысы (47 тонна) және Астана (1 тонна) қаласының үлесінде. 

Жалпы өндірістің жартысынан астамын (55,6%) қара және жасыл шай құрады — 602 тонна. Кофе алмастырғыштарының, экстракттардың, эссенциялар мен концентраттардың өндірісі 224 тоннаны, шай — 166 тоннаны, шөп тұнбалары мен жеміс шайы — 59 тоннаны, қуырылған кофе мен кофеинсіз кофенің өндірісі 31 тоннаны құрады.

Шай мен кофе өндірісінің көлемінің азаюы былтыр да байқалды. Мәселен, өткен жылы елде 17,3 мың тонна қайта өңделген шай мен кофе өндірілді, ал импорт көлемі 49,4 мың тоннаны құрап, жыл ішінде 3,1%-ға азайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар қайта өңделген шай мен кофе сұранысының 26% (ішкі нарық пен экспортты қосқанда) қамтамасыз етті. Былтыр ішкі нарықта сату көлемі 56,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға аз. 

Өткен жылы Қазақстан 29 мың тонна хош иіспен және хош иіссіз шайді 80,2 млн АҚШ долларына импорттады, осылайша 14,5%-ға төмендеді, ал ақшалай мәнде — 23,9%.

ТМД елдерінен елімізге 3,8 мың тонна шай әкелінді — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 25,6% артқан. Негізгі жеткізуші Ресей, ол Қазақстанға 3,7 мың тонна шай жеткізіп, оның құны 15,1 млн АҚШ долларын құрады.

ТМД-ға кірмейтін елдерден 25,2 мың тонна шай импортталды, өткен жылмен салыстырғанда 18,4%-ға аз. Мұнда негізгі экспорттаушы Кения болды 10,5 мың тонна шай, 33,4 млн АҚШ долларына импортталды. Сондай-ақ Үндістан, Қытай, Вьетнам және Шри-Ланка ірі жеткізушілер қатарына жатады.

Сондай-ақ шай мен кофе бағасының өсуі айтарлықтай байқалды, дегенмен барлық сусынға қатысты емес. 2025 жылдың қаңтарында кофе бағасы 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,9%-ға, ал шәй бағасы 4,1%-ға өсті. Атап айтқанда, ерітілген кофе 8,4%-ға, дәнді және ұнтақталған кофе 13,1%-ға, қара шай 4,3%-ға қымбаттады, ал көк шайдың бағасы небәрі 0,3%-ға өсті.

Өңірлердегі бағаға келсек, ең қымбат кофе Батыс Қазақстан облысында (25,7%), Қызылорда облысында (28,6%) және Астанада (17,8%) тіркелді. Арзан баға Абай облысында (2,9%) және Ақмола облысында (3,6%). 

Шай бағасына келетін болсақ, ең қымбат аймақ Ұлытау (10%), Ақтөбе (8%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарында байқалды. Арзан баға Қостанай облысында тіркелді (2,4%), Павлодар облысында баға өткен жылғы деңгейде сақталды, ал Қызылорда және Түркістан облыстарында тиісінше 1,2% және 2,9%-ға төмендеді.

2025 жылдың 28 ақпанына қарай Numbeo мәліметі бойынша Қазақстанда бір шыныаяқ капучиноның орташа құны 2,14 АҚШ долларын құрап, елді бұл кофелі сусынның қолжетімділігі бойынша 126 елдің ішінде 43-ші орынға қойды.

Ең арзан капучино Ливияда (0,61 АҚШ доллары), Алжирде (0,73 АҚШ доллары) және Тунистте (0,86 АҚШ доллары) сатылды. Ең жоғары бағалар Данияда (5,71 АҚШ доллары), БАӘ-де (5,57 АҚШ доллары) және Швейцарияда (5,54 АҚШ доллары) тіркелді.

ТМД елдерінің ішінде капучино бағасы Беларусьте — 1,60 АҚШ долларын, Өзбекстанда — 1,64 АҚШ долларын, Молдовада — 1,67 АҚШ долларын, Тәжікстанда — 1,68 АҚШ долларын, Қырғызстанда — 2,01 АҚШ долларын, Ресейде — 2,15 АҚШ долларын, Әзербайжанда — 3,33 АҚШ долларын, Арменияда — 3,46 АҚШ долларын құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: