Соңғы жылдары дүние дүрлігіп тұр. Қаржылық дағдарыс, былтырдан бергі пандемия талай тірлікті тұсаулап, нарық та ырыққа көнбей тұр. Баға күн сайын құбылып жатыр. Әрбір қызмет пен жұмыс барысы бірі-біріне әсер етіп келеді. Жасыратыны жоқ, қай сала болмасын, қиындықтың құрсауынан ілдалап шығып жүр. Соның бірі баспасөз саласына да оңай тиіп тұрған жоқ. Қанша жерден интернет, әлеуметтік желі алға озғанымен, сонау заманнан бері келе жатқан тасқа басылған жазбаның өшпейтініндей, қағазға қатталған тарихтың болашағы өміршең. Бұл жерде біз әрбір үйге жететін газет-журналдың өз оқырманы барын айтып отырмыз. Соның қатарыңда өзіңіздің сүйікті басылымыңыз – «Халық» газеті де барына еш шүбә жоқ. Әрине, 20 жылдан аса уақыт бойы жансерігіңізге айналған үнжарияңызды қандай қиындыққа қарамастан қолдап келесіз. Қолдау дегенде, жыл сайын әмияныңыздан ақша шығарып, арнайы жазылып, үйіңізге алып отырғаныңызды айтамыз. Сол үрдіс алдағы уақытта да үзілмейді деген үміттеміз.
Әйтсе де, өзіңізге айтар сөзіміз бар. Бүгінде мың құбылған баға саясаты бізді де тығырыққа тіреп отыр. Біз де өзге қызметтерге тәуелдіміз, яғни баспахана қызметі, газеттерді тасымалдау қызметі, жанар-жағармай, электр энергиясы мен ауызсудың, газет қағазы мен түрлі техникалық (бояу, пленка, т.б.) тауарлар бағасы жыл санап өсті. Ал, «Халық» газетіне жазылу бағасы 2016 жылдан бері 1 жылға 5000 (бес мың) теңге күйінде тұр. Алдағы қаржылық қиындықтар мен президент тапсырмасымен ең төменгі жалақы мөлшері 60000 теңге болуына орай 2022 жылға баспасөзге жазылу барысында «Халық» газетінің жазылу құнын оқырманның қалтасын да ойлай келе, аз-кем баға қосып, көбейтуге амалсыздан барып отырмыз.
Ардақты ағайын,
«Халық» газетіне жазылу құны 2022 жылдан бастап
1 жылға – 6000 теңге, 6 айға 3000 теңге болып бекітілді.
Адам баласы әрбір күннен үмітті. Біз де, 20 жылдан аса уақыт бойы сергек ойымен, оттылығымен, тілінің өткірлігімен қоғамның болмыс-бітімін елеп-екшеп отырған «Халық» газеті де алдағы күннен үміт күтіп, шынайы оқырманы – қарапайым халыққа арқа сүйеп келеміз. Сол үміт отын үрлеуде шындық алауын шырағдан етіп ұстаған басылымыңыздан қол үзбейді, бізбен бірге болады деп сенеміз. «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды». Мұны ұлы Абай айтады. Демек, ешкімге ұқсамайтын халықтың болашақтан да үміті зор. Ендеше, үміт оты өшпесін!
Айта кетейік, «Халық» газетіне жазылу биылдан бастап өзімізде, яғни «Халық» газеті» ЖШС арқылы жүргізіліп келеді. Басылым құны жекеге де, мекемеге де бірдей.
«Халық» газеті» ЖШС
Қызылорда қаласы,
Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4А
БСН 010240004526
ҚҚС сериясы 33001
ҚҚС нөмірі 0003379
БСК: HSBKKZKX
ЖСК: KZ756017201000002074
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
тел. 401110 (1051)
эл. пошта: syr_media@bk.ru
halyk-gazeti@mail.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!