HALYQLINE.KZ Пандемияның тосынан таралуы біраз ел үшін сәтсіз сынақ болды. Әсіресе, Қазақстан үшін сандық технологияға көшуді жеделдетіп жіберген тәрізді. Сондай-ақ, білім мен денсаулық саласына да реформа керектігін айқындап берді. Бұл туралы ел президентінің өзі төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында да айтқан болатын.
– Кемшіліктеріміз көзге ұрып тұр. Білім және ғылым министрлігі телевизия арқылы сабақ беруге көшті, күлкілі жағдай. Е-gov-тың халі анау. Карантиннен кейін біз осы жағдайлардан сабақ алып, сараптама жұмыстарын жүргізуді басты орынға қоямыз. Бастысы, цифрлы мемлекет болу үшін ІТ саласын қажетті деңгейде жүргізу қажет, – деді президент.
Осы сын-ескертпеден кейін бұл саланың тамыры аздап болса да бүлкілдеді. Десек те төтенше жағдай кезінде цифрлық теңсіздік мәселесі алдымыздан кесе-көлденең шыға келуін тоқтатқан жоқ. Осы және өзге де проблемаларға байланысты қоғам қайраткері Мұрат Әбенов мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қоғамдық сенім кеңесінің отырысында:
– Пандемия кезінде біраз ел білім телеарналарының мүмкіндігін пайдаланды. Олар Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан. Бізде «Ел арна» мен «Балапан» телеарналары қашықтан оқу кезінде жақсы жұмыс атқарды. Қысқа уақыт ішінде оқушылар үшін бейнесабақтар әзірледі. Менің ойымша, өзіміздің білім телеарнасын құратын кез келген сияқты, – деді.
Егер ұсыныс қабылданса, ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа арна іске қосылуы бек мүмкін.
Республика бойынша ортақ күнтізбелік жоспар болса әр сыныпқа. Телесабақтарды сол бойынша жүргзсе,нұр үстіне нұр болар еді.
Себебі карантин кезіндегі қашықтықтан оқыту телесабақтары мен біздің ктж-ң арасында алшақтықтар болып,ыңғайсыздықтар туындады.
Әрине көш жүре түзеледі.Келесіде осы жағдай қайталанар болса,ескеру үшін пікірімді білдіріп отырмын.
Пікіріңіз орынды!