Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауыл аманаты» – мүмкіндігі мол жоба

15.08.2023, 11:04 466

HALYQLINE.KZ

Елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы «Ауыл аманаты»  жобасын іске асыру үшін биыл Сыр өңіріне 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында 600 жобаға кредит беру жоспарланып, 636 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған жобаның жүзеге асырылу барысы  баяндалды.

«Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілуінде. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Исабергенованың айтуынша, қазіргі кезде сенім білдірген өкіл (агент) ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, оған 3 млрд теңге толығымен аударылған. Жергілікті бюджеттен агент қызметіне 2023 жылға  арнап 74,4 млн теңге қаржы бөлінген.

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда негізгі 5 бағытбелгіленіп,басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге берілетін болады, – деді Гүлмира Рахымжанқызы.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадали Әлішерұлы корпорация жанынан жобамен айналысатын 20 штаттық бірліктен арнайы департамент құрылып, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Комиссияда 120-дан астам жоба ұсынылып, қаржыландырудың оң шешімі қабылданғаннан кейін тексерілетін болады. Сондай-ақ тәуелсіз бағалау туралы есептері сұратылып, мүліктері кепілге тіркелген соң, қаржыландыру жұмыстары жасалады. Кәсіп бастаушылардың міндетті түрде кепілге қоятын мүлкі болу керек. Банкке қарызы бар алдамдардың өтінімдері қарастырылмайды. Күйдірілген қыштан қаланған нысанды 1990-шы жылдан, ал қам кесек пен каркастан салынған үйлерді 2000-ші жылдан бері қарай кепілге қабылдайды. Ерекше айта кететін жайт, «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған сәттен бастап, алаяқтыққа жол берген бірқатар азаматтар кездесті. Осы орайда, бағдарламаға қатысушылардың тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз. Қандай да бір күмәнді ақпарат кезіксе,  +7 771 451 2828 сенім телефонына хабарласуға болады, – деді ол.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген несие мал шаруашылығымен айналысушыларға – 7 жыл, ал микрокредит алатындарға 5 жылға беріледі. Берілген уақыттың 3/1 бөлігіне несие демалысы  қарастырылған. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер негізгі қарызды емес, үстеме пайызын ғана өтеп тұрады. Несие демалысының уақыты аяқталғанға дейін кәсібін дөңгелетіп үлгерген кәсіпкердің әрі қарай төлем төлеу қабілеті жақсарады. 

Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: