Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АӘК сәуірден бастап қалай тағайындалады?

27.03.2020, 17:10 461

Бұған дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев төтенше жағдайға байланысты енгізілген брифинг өткізгенін мәлімдеген едік. Елдегі ахуалға байланысты көптеген қызмет электронды форматқа көшті. Ал атаулы әлеуметтік көмек ше?

Талғат Тұрсынұлының айтуынша, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалады, яғни «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, 1-тоқсанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алған отбасыларға, егер ол отбасылардың жағдайы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келсе, атаулы әлеуметтік көмек 2-тоқсанға өтінішсіз тағайындалуы мүмкін.

Әлеуметтік көмек бірінші кезекте отбасының құрамы, тұратын мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін ақпараттық жүйеден мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы деректерді тексеру жүргізіледі. Олардың, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі, жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, табысы және т.б. тексеріледі. Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда  өтініштер қолда бар деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.

Шартты әлеуметтік көмекті тағайындауда,егер әлеуметтік көмек алушының мәртебесі өзгермесе, жеке жоспарда 2020 жылғы 1-тоқсанымен ұқсас шаралар көрсетіледі.

Пікірлер:
  • Саламатсыз ба казиргі жағдайда жағдайымыз оте киын болып тур.январ айлыгымыз февралда тусти.мен акпан айында кужатымды өткіздім акпан айының жол акысын али алмадым.Алсам Ұн прадукты алайын деп едім.Біраз кісілерге аударылыпты.звандасак телефон котермиді калай байланыссамыз.Отініш

Индира өмірбекова үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: