Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында сағат 08:25 шамасында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің іргелес аумағы су астында қалды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев, ТКШ бөлімінің басшысы Қайсар Абсейтов, ТЖ қызметкерлері мен Ұзынағаш ауылдық округінің өкілдері барған. Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Мұсабаев пен облыстық ТЖД бастығы осы жерге барған», – делінген Алматы облысы әкімдігінің мәліметінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!