2025 жылы қазақстандықтар жалпы 119 күн демалады. Демалыс күндерінің ең көбі наурыз айында – 14 күн, ал ең азы ақпан мен сәуір айларында – 8 күннен.
Алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 2025 жылғы демалыс күндері келесідей күтіледі:
– Қаңтарда Жаңа жылға төрт күн демаламыз -1, 2, 3 және 4 қаңтар, 5 қаңтар жұмыс күні;
– Рождество – 2025 жылғы 7 қаңтар сейсенбіге келеді, демек қосымша демалыс күні болады;
– 2025 жылғы 8 наурыз (халықаралық әйелдер күні) сенбіге келеді, сондықтан 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс;
– Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді, сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс, жалпы демалыс бес күнге жалғасады;
– 2025 жылғы мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне — 1 мамыр (бейсенбі), Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр (сәрсенбі) және Жеңіс күні — 9 мамыр (жұма). Ыңғайлы болу үшін демалыс және жұмыс күндерін ауыстыруы мүмкін;
– Маусым айында Құрбан айт 6 маусымға (жұма) түсіп тұр;
– Шілде айында Астана күні жексенбіге сәйкес келуіне байланысты үш күн қатарынан демалыс болады;
– 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Конституция күні-30 тамыз (сенбі), сондықтан қосымша демалыс күні — 1 қыркүйекке (дүйсенбі) ауысады;
– 2025 жылдың қазан айында Республика күні демалыс күнге сәйкес келеді, сондықтан тағы бір қосымша демалыс болады;
– 2025 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік күні сейсенбіге сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс күнін сыйлайды;
Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Дереккөз: inbusiness.kz
Фото: massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!