Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтық батагөйлер сайысының жеңімпазы анықталды

03.03.2025, 18:00 82

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» байқауының аймақтық кезеңі аяқталып, жеңімпаздар анықтады.

Тағылымы мол байқауға дуалы ауыз, шежіре кеуде қариялар қатысып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Ақыл додасына қала мен аудандарының 12 ақылгөй қариялары қатысып, жұртшылық алдында беріп жүрген баталарын жалпы көпшілік пен әділқазылар алқасының сарабына салды.

Биылғы додаға Ұлы Отан соғысының ардагері, 104 жастағы қария Яхия Тасыров та қатысып, өмір тәжірибесінің  молдығын байқатты.

Байқау қорытындысы бойынша 3 орынға Сырдария ауданының тұрғыны Айсин Жантемірдің батасы лайықты болды. 2 орын Қазалы ауданының құрметті азаматы Сержан Берденұлына бұйырды. Қазылардың шешімімен белгілі ұстаз, филология ғылымдарының доценті Алдажар Әбілов аймақтық байқаудың жеңімпазы атанды. Жүлделі 3 орынға ие болған роликтер республикалық кезеңге жолланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: