Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтың бас дәрігері үшемнің анасына ерекше құрмет көрсеттi

28.10.2025, 15:45 91

Ұлттық мереке – Республика күнi қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы көпбейінді облыстық ауруханасының перинаталдық бөлімiне арнайы барып, ана дүниеге үшем әкелген ананы құттықтап, нәрестелерге арнайы сыйлықтар тарту етті.

Сонымен қатар, барша отандастарымызды Ұлттық мерекемен құттықтап, iзгi тiлегiн бiлдiрдi.

23 жастағы қала тұрғыны Әсел Сабырбаева 6 қазан күні көпбейінді облыстық аурухананың перинаталдық бөлімiнде үшемдердi дүниеге әкелген болатын. Жүктіліктің 35-аптасында өмiрге келген нәрестелер, биыл жарық дүниеге есігін ашқан алғашқы үшемдер.

Сәбилердiң екеуі ер бала болса, бiреуі қыз бала. Ата аналары балаларды Хадия, Хафиз, Хамза деп атады. Шақалақтар 18 күн бойы перинаталдық бөлімiнде ем қабылдап, қазіргі таңда жағдайлары тұрақталған соң анасымен бірге бүгін үйлерiне шығарылып отыр.

«Перинаталдық бөлімнiң барша қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Барша медицина мамандары ана мен бала үшін қолайлы жағдайдың жасалатыны, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етiлуi, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Ақ халаттылардың нәтижелi еңбегінiң арқасында біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде, – деп үшемдер анасы сала мамандарына алғысын білдiрдi

Айта кетейік, жыл басынан берi аймағымызда 12289 сәби дүниеге келсе, оның 153-i егiз, 1-уi үшем.

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: