HALYQLINE.KZ –| Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Аида Балаеваның кандидатурасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметіне тағайындалуға мақұлданды.
Мәжілісмендер бұл мәселені «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес қарады.
Кандидатураны Қазақстан Премьер-Министрінің атынан Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комитет Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне ұсынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!