Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аға лейтенант өзгеге өмір сыйлады

01.11.2021, 17:00 494

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні еліміздің қан қызметі – ерікті донорлардың қолдауына зәру. Әсіресе, ең сирек әрі жаңа, жиі кездесетін IV қан тобын табу қиын. Сондықтан да бұл топтағы қан – иелерінің қаны, өміріне қауіп төніп тұрған адамдарды ажалдан құтқаруға, оларды емдеуге қажетті таптырмас құралдардың бірі.

Міне, осындай ерекше қан тобының иегері ЗК-169/1 тергеу изоляторының қызметкері күтпеген жерден донор болды.

Режим және күзет бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ердәулет Мардихановтың айтуы бойынша, беймезгіл уақытта, облыстық қан орталығынан қоңырау шалып, ауыр халдегі науқасқа IV қан тобы керек екенін
хабарлаған.

– Өмір мен өлім арасында жатқан жанға қан керек деген соң, бей-жай қарай алмадым. Менің қанымды құйып науқасты аман алып қалса, адамгершілік жасағаным деп ойлаймын, – деді, аға лейтенант.

Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Өтеусіз донорлықты дамыту – адам бойындағы қайғыға ортақтасу, тілеулестік, қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға қажет.

Олай болса, өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан аға лейтенантымыздың, бұл ісі, қайырымдылықтың төресі десек те, болады. Өйткені, ол өзгеге өмір сыйлады.

Антына адал, сертіне берік, погондағы бұл жігіттің сауапты амалы, қоғамдағы көпшіліктің ҚАЖ қызметкерлеріне деген беделін арттыратыны анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: