Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әзербайжан аумағына Ираннан ұшқышсыз аппарат құлады

05.03.2026, 17:10 52

Әзербайжан аумағында Иран тарапынан ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың құлағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға Нахчыван автономиялық республикасында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Иран бағытынан келген екі дрон Әзербайжан аумағына кіріп кеткен. Оның біреуі Нахчыван әуежайының терминал ғимаратына соғылып, нысанға зақым келтірген. Екінші ұшқышсыз аппарат жақын маңдағы ауылдағы мектеп маңына құлаған.  Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізіліп, олардың жағдайы тұрақты екені айтылды. 

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты Ираннан ресми түсініктеме талап еткен. Ведомство мұндай әрекеттер халықаралық құқық нормаларына қайшы екенін және аймақтағы жағдайды одан әрі шиеленістіретінін мәлімдеді.  Қазіргі уақытта құлаған аппараттардың түрі мен шығу тегі зерттеліп жатыр. Әзербайжан билігі елдің аумақтық тұтастығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыстың Таяу Шығыстан тыс өңірлерге әсер ете бастағанын көрсетеді.

Фото: axar.az

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: