Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір жас Конституция талаптарын білуі және құрметтеуі тиіс

25.02.2026, 15:17 54

Қазіргі уақытта жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағының тірегі. Әрбір жас азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптарын білуі және құрметтеуі тиіс. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі, әділдік пен заң үстемдігінің негізі.

Белсенді азаматтық ұстаным тек сайлауға қатысу ғана емес. Ол – заңды сақтау, қоғам өміріне араласу, еріктілікпен айналысу, өз ойыңды ашық білдіру және ел дамуына үлес қосу. Жастардың құқықтық сауаттылығы артқан сайын, қоғам да нығая түседі.

Бүгінгі жас – ертеңгі көшбасшы. Сондықтан әрқайсымыз Конституцияны құрметтеп, заң мен тәртіпті басты қағида ретінде ұстанайық. Өз құқығымызды біліп қана қоймай, өзгенің құқығын сыйлау – нағыз белсенді азаматтың белгісі.

Еліміздің жарқын болашағы – саналы да жауапты жастардың қолында!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: