Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әйелімді шәкіртіме сыйға тарттым»

30.03.2026, 9:50 53

Әлеуметтік желіде өзін жұртқа имам ретінде таныстырған ер адамның әйелін шәкіртіне сыйға тартқаны туралы айтқан видеосы жарияланған болатын. Алматы ПД видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Белгілі журналист Жанар Байсеміздің Youtube-арнасында өзін имам ретінде таныстырған ер адамның сұқбаты жарияланды. Әңгіме барысында «имам» көп әйел алу тақырыбын қозғап, екінші әйелін шәкіртіне сыйға тартқанын айтқан.

Аталған сұхбатқа Алматы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, мәлімдемеге қатысты тексеріс жасалғанын жеткізді.

«Желіде өзін діни ағымның өкілі ретінде таныстырған азаматтың видеоматериалы тарап жатқанына байланысты, Алматы қаласы мемлекеттік органдары тиісті тексеріс жүргізді.

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына қайшы келетін мәлімдемелер (әйелін шәкіртіне сыйға тарту туралы) айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге жағымсыз әсер етуі мүмкін мәселелер талқыланғаны анықталды.

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма өз құзыреті аясында мұндай мәлімдемелер жасаған тұлғаға қатысты шара қолданып, ол ҚР ҚК ӘҚК 490-бабына сай әкімшілік жазаға тартылды. Діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін оған айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

Фото: youtube/@janar_baisemiz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: