Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйел бір уақытта екі досқа үйленді

03.03.2026, 17:12 57

Таиландтың Бурирам провинциясында 37 жастағы Дудждуэн Каэсаро екі Австрия азаматына бір мезетте тұрмысқа шықты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

The Thaiger басылымының хабарлауынша, әйел Роман мен Мэгги есімді екі досқа қатар күйеуге тиген. Неке қию рәсімі Дудждуэннің үйінде жергілікті дәстүрге сай өткізілген. Күйеу жігіттер мен қалыңдық тай ұлттық киімдерін киген.

Дудждуэн бұған дейін тай азаматына тұрмысқа шығып, одан үш бала дүниеге әкелгенін айтты. Алайда олардың қарым-қатынасы сәтсіз аяқталып, ажырасып кеткен. Әйел балаларын жалғыз өзі тәрбиелеген. Ол әнші әрі ән авторы болуға талпынып көргенімен, айтарлықтай табысқа жете алмаған. Содан кейін басқа жерге көшуге шешім қабылдайды. Сол жақта ол зейнетке шыққан полиция қызметкері Романмен танысқан.

Роман мен Дудждуэн бес жыл бірге тұрған кезде Таиландқа Мэгги келеді. Көп ұзамай ол да әйелге ғашық болып, досының рұқсатымен онымен қарым-қатынас бастайды. Бір жылдан соң үшеуі үйлену тойын жасауды ұйғарған.

Дудждуэн бұл шешімді балаларымен және ата-анасымен ақылдасқанын, олардың қолдау білдіргенін жеткізді. Сондай-ақ ол әрбір күйеу жігіттің қалыңмал ретінде бір миллион бат төлегенін атап өтті. Бұл шамамен 12,5 миллион теңгеге тең.

Фото: freepik.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: