Мемлекеттік қызметшілер қазіргі заман қарқынынан қалыспауы тиіс.
Халқымызда «билігі мықты елдің – тірлігі құтты болар» деген қанатты сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен мемлекетіне адал қызмет етуімен бағаланады. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтатын мемлекеттік қызметкер болу мәртебелі міндет. Өйткені мемлекеттік қызметші биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктелгені баршамызға белгілі. Осы ретте, әрбір тұрғынның өтініш тілектерін орындауда мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат мемлекеттік қызметшінің жоғары біліктілігіне негізделсе, халық үнін тыңдай білу лауазымды адамдардың өзі ісіне деген үлкен жауапкершілікті сезінуіне байланысты.
Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы болып Әдеп жөніңдегі уәкіл институты табылады.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Осы мақсатта жүйелі түрде ауданымызда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы ретте мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізілуде.
Өздеріңіз білесіздер, әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметшілердің мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қармақшы ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жұмысының жағымды аспектілердің бірі ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында қашықтықтан өткізілген семинар, онлайн лекция және БАҚ арқылы 20 мәрте түсіндірме шараларын өткізілді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл жұмыстар 2 (екі) есеге артып отыр.
Мұнымен қоса, аудан әкімдігінде бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқытулар өткізілді.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары және жеке, заңды тұлғаларды қабылдау кестелерімен хабардар ету мақсатында, аудандық «Қармақшы таңы» газетіне аталған ақпараттар тоқсан сайын беріліп келеді.
Сонымен қатар, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 15 адам консультациялық көмек алды. (2019 жылдың қорытындысымен 10 адам консультациялық көмекке жүгінген).
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер және аудан тұрғындары арасында әдеп жөніндегі уәкілдің беделінің артып келе жатқандығын аңғаруға болады.
Бұдан басқа, тұрақты түрде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында 300 мемлекеттік қызметшілер мен аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлеріне анонимді сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысымен тиісті ұсынымдар енгізілді.
Айта кететін болсам, жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ауданымыздағы балабақша қызметкерлерінің айлық жалақыларын есептеу мәселелеріне байланысты түсінбеушіліктер туындаған болатын.
Алайда, дер кезінде тиісті шаралар қабылдап (бухгалтерлер ай сайын ұжымға есеп беріп тұру және заңдылықты қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді), енгізілген ұсымдардың орындалуы бақылауға алынды.
Сонымен қатар, ауданда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу, заңдылықты қатаң сақтау жөнінде, сондай-ақ, республика көлемінде орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар мен тапсырмалар жазбаша түрде ескертпе хат ретінде аудан әкімдігіне қарасты барлық жергілікті атқарушы мекемелерге жүйелі түрде жолдап отыру тәжірибеге енгізілген.
Бұдан бөлек, аудандағы барлық ауылдық округтердің орталықтарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды насихаттайтын көрнекі ақпараттық бильбордтардың 300 данасы ілініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөз бетінде (аудандық «Қармақшы таңы» газеті) 50 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік сатып алу аясында қолданыстағы заңнамаларды таныстыруға, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптарын, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауға және т.б. мәселелерге қатысты тәжірибелі сарапшы мамандарының (халықаралық деңгейде сертификатталған) қатысуымен аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандары мен есепшілері оқытылды.
Бұл өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу саласында құқықбұзушылықтарды болдырмауда, сондай-ақ бюджет қаржысын тиімді игеруде оң әсерін тигізді.
Сондай-ақ, өздеріңіз жақсы білесіздер, әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші және бұл жұмыстар төңірегінде де бір қатар шаралар атқарылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мен мемлекеттік қызметшілерді одан әрі ынталандыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта ашық кездесуі өткізіліп тұрады.
Кездесу барысында тікелей интернет байланысы арқылы аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер құттықталып, түрлі салаларда қызмет жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталып келеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде алдағы жоспарлар барысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшуі керек» деген тапсырмасына бағытталады.
Яғни, мемлекеттік органдардың ашық қызметін қамтамасыз етуге және бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған «Open space» Оупен спейс – Ашық кеңістік қағидасы негізінде жұмыс істеу тәжірибесін кеңінен енгізу.
Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығының ғимаратында «Ашық кеңістік» форматына көшіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін бұдан әрі жандандыруға жұмыстары жүргізіле беретін болады.
Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Әділ ҚОШАЛАҚОВ,
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!