Алматы тұрғындарына қалаға оралу үшін 72 сағат берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. Ал 22 наурызда Алматы толықтай әуе және теміржол қозғалысын тоқтатылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.
– 22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады, – деді ол.
Айта кетейік, Алматыда карантин уақыты 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енгізледі. Ресми ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, қазір Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!