Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

7 жастағы бала қабаған иттен құтқарылды

16.03.2020, 14:37 703

14 наурыз күні сағат 12:00-де полиция кезекші бөлімшесіне Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғынынан үй жанында белгісіз ит оның 7 жастағы ұлын қауып, тістеп алғандығы туралы хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу күндізгі наряд қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Алтынтас Нұрпейісов полиция аға сержанты Нұркен Ермағанбетовпен бірге жетті.

Оқиға орнына келген кезде полиция қызметкерлері үйдің қасында аузы қан қабаған «Алабай» тұқымды ит адамдарға шабуыл жасап, жарақат алған жасөспірімді ауруханаға жеткізу үшін шақырылған «Жедел жәрдем» қызметкерлері үйден шыға алмай тұрғандықтарын көрген.

Босап жүрген ит көше бойында өтіп бара жатқан адамдарға, балаларға қауіп төндіргендіктен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі аға лейтенант А.Нұрпейісов дереу қабаған итті адам жүрмейтін жерге апарып, ал оның әріптесі аға сержант Н.Ермағанбетов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында итке қарсы табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Сөйтіп, итті атып тастады.

Бала шұғыл ауруханаға «травмотология» бөліміне жеткізілді, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ит иесін анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, табельдік қаруды қолдану фактісі бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы полиция қызметкері азаматтардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жануарды залалсыздандыру үшін заң шеңберінде әрекет еткенін көрсетті.

Қызылорда облысы полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: