Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 тамыздан бастап карантин режимі қалай жеңілдеуі мүмкін?

28.07.2020, 11:45 453

HALYQLINE.KZ  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер ететінін айтты.  

Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:

— ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;

— Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

— Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;

— Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары. 

Сондай-ақ:

— әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;

— Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда — үш адамнан аспайтын топтарға;

— Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 

Алайда келесі шараларға тыйым салынады:

— жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;

— мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;

— мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады; 

— спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;

— діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: