«Қазгидромет» РМК дерегіне сүйенсек, 26 ақпанда елдің бірқатар өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын байқалып, кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Қызылордада түнде қар аралас жаңбыр күшейіп, тұман мен боран қаупі бар, жел екпінді болуы мүмкін.
Петропавл қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз -21…-23, түнде -28…-30 градус болады.
Қостанайда да ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -15…-17, түнде -25…-27.
Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -18…-20, түнде -28…-30.
Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Күндіз -23…-25, түнде -33…-35.
Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -15…-17, түнде -21…-23.
Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Күндіз -8…-10, түнде -10…-12.
Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -22…-24, түнде -33…-35.
Семейде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -20…-22, түнде -33…-35.
Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -6…-8, түнде -16…-18.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +2…+4, түнде -7…-9.
Ақтөбеде ашық ауа райы. Күндіз -6…-8, түнде -14…-16.
Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +3…+5, түнде 0…-2.
Таразда ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр мен қар күтіледі. Жел екпінді. Күндіз +7…+9, түнде -1…+1.
Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болады, кей уақытта қатты жауын жауады. Тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Күндіз +7…+9, түнде +3…+5.
Түркістанда ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жауын болуы ықтимал. Тұман және желдің күшеюі болжанады. Күндіз +5…+7, түнде +2…+4.
Қызылордада ауыспалы бұлтты. Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде жауын-шашын күшеюі мүмкін. Тұман, көктайғақ және боран қаупі бар. Жел екпінді. Күндіз -3…-5, түнде -3…-5.
Қонаевта ауыспалы бұлтты. Түнде қар, күндіз мұзды жаңбыр мен қар күтіледі. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі мүмкін. Күндіз -1…+1, түнде -5…-7.
Талдықорғанда бұлтты. Күндіз кей уақытта қар жауады. Тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз -4…-6, түнде -8…-10.
Алматыда бұлтты. Түнде қар жауады. Күндіз мұзды жаңбыр мен қар, кей уақытта қатты жауын болуы мүмкін. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел күшейеді. Күндіз 0…+2, түнде -1…-3.
Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз -17…-19, түнде -24…-26.
Фото: priroda.club
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!