Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

15 сәуір – Ғашықтар күні қай кезден бастап аталады?

15.04.2025, 11:20 191

HALYQLINE.KZ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, жат діндермен қатар батыстың қазаққа жат мерекелері де ене бастады. Соның бірі 14 ақпан – Әулие Валентин күні еді. Қазақы болысымызға мүлдем қарама-қарсы, үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын бұл мереке мектептегі оқушылардың санасын жаулап алғаны соншалық, осы Валентин күні жоғары сынып оқушыларының бір-біріне хаттар жазуы үшін жәшіктерді де, мектепке бір күнге болса да, тәрбие меңгерушілері қоятын болды.

Осы жағдай қазақтың озық ойлы және ұлт жанды азаматтарын қатты ойландырған болуы керек. Қоғам және мемлекет қайраткері, кезінде ҚР Мәдениет және Ақпарат министрі болған Дархан Мыңбай 1999 жылы Валентин мерекесінің орнына өзіміздің Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін атап өтуге ұсыныс жасады.

Бұл бастаманы 2011 жылы Алматы әкімдігі қолдап, 15 сәуір Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін ресми түрде атап өтті.  Уақыт өте бұл күн Ғашықтар күні деп аталып кетті. Ол да дұрыс болды. Себебі де бар, шығыстың жеті ғашығы Ләйлі-Мәжүнін, Тахир-Зухра, Фахат-Шырын, Арау-Қамбар, Уәлік-Гарра, Уәки-Күлшаһ, Жүсіп-Злихалар – қосыла алмай құсадан өлгендер.

Бір мұғалімнің баласының үйлену тойында екі жасқа «Қозы мен Баяндай, Төлеген мен Жібектей болыңдар!» деп тілек айтқан біруге мен де шыдамай: «Менен бұрын айтылған бұл тілек дұрыс емес. Сіз атаған Қозы мен Төлегеннің ажалы Қодар мен Бекежаннан болып, қосыла алмай кеткен жоқ па?» дегеніме қатты ренжіп қалған болатын. Өзі абайлап сөйлеу керек еді!

Сонымен 15 cәуір – Ғашықтар күні құтты болсын. Жұбыңызбен мына кестедегідей 60 жылдық бриллиант тойыңызға жетіңіздер!

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: