Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 сәуірден бастап “Уылдырық-2022” іс-шарасы өткізіледі

30.03.2022, 16:00 893

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында “Уылдырық-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлауда.

Рейдтік іс-шаралар 1 сәуір – 31 мамыр аралығында Сырдария өзенінде, 20 сәуір – 10 маусым аралығында барлық су айдындарында, сондай-ақ 1 мамыр – 10 маусым аралығында Кіші Арал теңізінде өткізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: