1 қазан — еліміз бойынша Қарттар күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесін бағалау мен қоғамдағы орнын дәріптеуге арналған. Мерекенің негізгі мақсаты – қарт адамдарға қамқорлық танытып, оларға жылы сөз бен ықылас білдіру, деп жазады halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Қарттар күні Қазақстанның барлық өңірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Әлеуметтік қолдау орталықтары мен қоғамдық ұйымдар қарттарға арналған қайырымдылық акцияларын өткізіп, ардагерлерге сый-сияпат жасап, мәдени бағдарламалар ұсынады. Бұл бастамалар үлкендердің көңілін көтеріп қана қоймай, жастардың аға буынға деген ізеттілігін қалыптастырады.
Қарттар – еліміздің тарихы мен мәдениетінің сақтаушылары. Олардың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Осы күні әрбір жанұя ата-әжелерін еске алып, жақындарына құрмет көрсетудің маңызын түсінеді.
Бұл атаулы күн – бұл тек мерекелік күн емес, үлкендерге қамқорлық жасап, құрмет көрсетудің, ізгі дәстүрлерді сақтаудың бір көрінісі. Жылына бір күн ғана емес, әрқашан қарттарды сыйлап, олардың қадірін білу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!