Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі жоспарлы түрде артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,7%-ға өсіп, 491,09 рубль болды.
onliner.by басылымының хабарлауынша, негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері келесідей белгіленеді:
жұмысқа қабілетті тұрғындар үшін – 524,97 рубль;
зейнеткерлер үшін – 357,28 рубль;
3 жасқа дейінгі балалар үшін – 305,86 рубль;
6 мен 18 жас аралығындағы балалар үшін – 479,59 рубль.
Жаңа көрсеткіштер 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.
Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуімен қатар 1 қарашадан бастап бала туғанда және отбасыларға арналған жәрдемақылар да артады:
бірінші бала туған кездегі біржолғы төлем – 4 910,90 рубль;
екінші және одан кейінгі балалар үшін – 6 875,26 рубль;
жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұрған әйелдерге біржолғы төлем –491,09 рубль;
3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы (егер кенже бала 3 жасқа толмаған болса) – 245,55 рубль.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!