Қазақстанда 1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге «бесінші жол климаттық аймаққа» жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:
• Алматы облысы
• Атырау облысы
• Жамбыл облысы
• Ұлытау облысы
• Қызылорда облысы
• Маңғыстау облысы
• Жетісу облысы
• Түркістан облысы
Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!