Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар табысталды

25.02.2026, 15:45 47

Шиелі ауданында көпбалалы аналарды қолдау және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатында салтанатты қабылдау өтті. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков алтын құрсақты аналарды арнайы қабылдап, мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.

Аудан бойынша 33 ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 8 ана «Алтын алқа», 25 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Нәтижесінде, бүгінде Шиелі ауданында «Алтын алқа» иегерлерінің саны 1031-ге, ал «Күміс алқа» алған аналар саны 1530-ға жетті.

Салтанатты шара барысында аудан басшысы көпбалалы аналарды марапаттарымен құттықтап, олардың ұлт болашағын тәрбиелеудегі айрықша рөлін атап өтті.

«Аналардың еңбегі – ешқашан өлшенбейтін, бағасы биік еңбек. Сіздер елдің ертеңін тәрбиелеп отырған жандарсыздар. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – осы еңбектеріңіздің заңды жемісі», – деді Айтбай Жандарбеков.

Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, елдің тыныштығы мен берекесін тілеп, ақ баталарын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: