Бүгін Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығы шықты.
Жарлықта еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғаны жарияланған.
Аталған Жарлық бойынша ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевқа берілді.
Бұл марапатқа ел азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін ұсынылады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!